О внесении изменения в решение Целиноградского районного маслихата от 25 апреля 2016 года № 17/2-6 «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Целиноградском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Целиноградского районного маслихата от 25 апреля 2016 года № 17/2-6 «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Целиноградском районе»
- Атауы (қаз.)
- Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17/2-6 «Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 356/51-6
- Қабылданған күні
- 25.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2020 135641_471169.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BQ007451
- ЭКБ идентификаторы
- 135641
- Редакция идентификаторы
- 135641_471169
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:05
0 Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17/2-6 «Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17/2-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасына:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
1 «1. Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:
1) Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң;
2) Ақмол ауылы, «Бахыт» ықшам ауданы, стадионға қарсы алаң.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі