О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 223 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача удостоверений личности моряка Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 февраля 2016 года № 223 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача удостоверений личности моряка Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 720
- Қабылданған күні
- 22.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2020 126018_478278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017731
- ЭКБ идентификаторы
- 126018
- Редакция идентификаторы
- 126018_478278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:51
0 «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13681 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 13 (он үш) жұмыс күні;»;
9-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы «____» _______________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
________________ К. Мәсімов
2018 жылғы «____» _______________