О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 25 июля 2016 года № 233 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 25 июля 2016 года № 233 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 233 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 15.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2025 212581_766414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25M000150A
- ЭКБ идентификаторы
- 212581
- Редакция идентификаторы
- 212581_766414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:17
0
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі №233 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1.«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі №233 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3143 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Білім беру саласында:
1) мемлекеттiк мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсiпорынның басшысы мен басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі басшының орынбасарларын қоспағанда);
2) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент, психолог, арнайы педагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог), педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі, тәрбиеші (аға тәрбиеші, білім беру ұйымдарындағы тәрбиеші және жатақхана тәрбиешісі), ана-тәрбиеші, оқытушы, спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы, аға вожатый, вожатый, жастар ісі жөніндегі инспектор, аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы), мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарындағы), нұсқаушы (білім беру ұйымдарында еңбек бойынша, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі бойынша), дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері, жүзу жөніндегі, туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, аға шебер, өндірістік оқытудың шебері, өндірістік оқытудың шебері-оқытушысы, әдіскер және аға әдіскер (мектепке дейінгі және орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтың, арнайы білім беру ұйымының), музыкалық жетекші, аккомпаниатор (негізгі қызметтер), концертмейстер (негізгі қызметтер), көркемдік жетекші, әдіскер (негізгі қызметтер), жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтер), дене шынықтыру бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтер), қосымша білім беру педагогі, зертханашы, хореограф (негізгі қызметтер), жаттықтырушы-оқытушы, кітапханашы, барлық мамандықты дәрігерлер, мейірбике (мейіргер).».