О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 25 апреля 2016 года № 3/3 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Есильского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 25 апреля 2016 года № 3/3 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Есильского района»
- Атауы (қаз.)
- Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 «Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/2
- Қабылданған күні
- 15.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2020 123004_467535.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BK006706
- ЭКБ идентификаторы
- 123004
- Редакция идентификаторы
- 123004_467535
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:04
0 Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 «Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5403 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібіндегі:
2 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) Есіл қаласы, орталық стадион, Ғарышкерлер көшесі.»;
3 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) Есіл қаласы, Энергетиктер және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысынан бастап Ғарышкерлер көшесінің бойымен орталық стадионға дейін.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
Т. Ерсейітов
15 маусым 2018 жыл