Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 44 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп"

Қаулы · № 176 · қабылданған 18.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2016-no-44/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 44 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп" Күшін жойған Қаулы ·№ 176 ·18.06.2018
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 44 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп"

Күшін жойған Қаулы ·№ 176 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 44 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп"
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 44 "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
176
Қабылданған күні
18.06.2018
Көрсетілген редакция
30.06.2020 123257_471914.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18U0004662
ЭКБ идентификаторы
123257
Редакция идентификаторы
123257_471914
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:02

0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы 25 ақпандағы № 44
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың
мемлекеттік тізілімінен үзінді»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы

№44 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 сәуірде №3659 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2016 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» деген қосымшасы сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1)осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2)осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3)осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4)осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Тасжүрековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ә.Ш.Өсербаев
Т.Қ.Сәрсембаев
Ә.Е.Тұрғымбеков
Е.Қ.Тасжүреков
Е.Ә.Садыр
А.С.Сәбитов
Ұ.Сәдібеков
А.Б.Тасыбаев

9 Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2018 жылғы
«18» маусымдағы
№176 қаулысына
қосымша
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы «25» ақпандағы
№44 қаулысына
қосымша
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.

5 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:

1

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы №1110 бұйрығымен бекітілген «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған өтініштің қабылданғаны жөнінде талон береді және 20 минут ішінде өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, өтінішті қарауға жолдайды;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

4 4) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне ұсынады;

5 5) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.

7 7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімінің 5 тармағында келтірілген.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Көрсетілген қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады:

1

1) Мемлекеттік корпорация қызметкері түскен өтінішті тіркеп, Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне жолдайды, Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілген қызметті берушіге жолдайды. Көрсетілген қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерімен өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі;

2 2) көрсетілген қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және 20 минут ішінде өтінішті көрсетілген қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

3 3) көрсетілген қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап, өтінішті қарауға жолдайды;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;

5 5) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне ұсынады;

6 6) сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

7 7) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет алушыға не сенімхат бойынша оның өкіліне табыстайды.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

«Туристік маршруттар мен
соқпақтардың
мемлекеттік тізілімінен үзінді»
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
Мемлекеттік корпорация қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Мемлекеттік корпорация қызметкері
Түскен өтінішті тіркеп, Мемлекеттік корпора-цияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне жолдайды, Мемлекеттік корпора-цияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілген қызметті берушіге жолдайды
Өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қабыл-данғаны жөнінде талон береді және 20 минут ішінде өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшы-лығына ұсынады
20 минут ішінде жауапты орын-даушыны айқындап өтінішті қарауға жолдайды
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады
Сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды
Сол жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді

Қолданыстағы