О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 47 «Об определении единого организатора государственных закупок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 февраля 2016 года № 47 «Об определении единого организатора государственных закупок»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 47 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 260
- Қабылданған күні
- 06.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2024 124620_681867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18U0004723
- ЭКБ идентификаторы
- 124620
- Редакция идентификаторы
- 124620_681867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:18
0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы
№ 47 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №47 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3604 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы «Оңтүстік Қазақстан» деген сөздер «Түркістан» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар» деген қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4 4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Сарсембаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ә.Е. Тұрғымбеков
Е.Ә. Садыр
Ұ. Сәдібеков
Т.Қ. Сәрсембаев
Е.К. Тасжүреков
А.С. Сәбитов
А.Б. Тасыбаев
9 Түркістан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
«6» қыркүйектегі
№260 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер