О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 56 «Об утверждении образцов, правил ношения, норм обеспечения форменной одеждой сотрудников службы специальной почтовой связи и форменной одеждой (без погон) работников Национального оператора почты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 56 «Об утверждении образцов, правил ношения, норм обеспечения форменной одеждой сотрудников службы специальной почтовой связи и форменной одеждой (без погон) работников Национального оператора почты»
- Атауы (қаз.)
- «Арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14/НҚ
- Қабылданған күні
- 11.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2024 195353_695814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24IPM00014
- ЭКБ идентификаторы
- 195353
- Редакция идентификаторы
- 195353_695814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:31
0
«Арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14159 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Ұлттық пошта операторының арнаулы пошта байланыс қызметі қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерінде:
1-тараудың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнаулы байланыс қызметінің жоғары, аға және кіші құрам үшін 5-суретке сәйкес, қара-көк түсті жүннен жуан ілмекпен тоқылған, ұзын жеңді свитер. Жуан ілмекпен тоқылған, былғары алмастырғыштан жасалған шынтақ қаптамалары бар, қара-көк түсті жүннен тоқылған, ұзын жеңді пуловер-свитер. Арнаулы байланыс қызметі жұмыскерлерін суықтан қорғауға арналған. Жеңдерінде – аралас матадан қаптамалар. Свитер жартылай жүннен (жүн құрамы кемінде 70%) ілмектеп тоқылған, қара-көк түсті таралған иірімжіптен жасалған. Тік пішінді. Мойнында V – тәрізді ойындысы бар және екі қабатталған ластик көмкермемен өңделген. Көмкерме ені – 4 сантиметр. Шынтақ тұсында күшейткіш қамтамасы бар бір тігісті қондырылып тігілген жең. Қаптама сопақ пішінді, шынтақ бүгілетін жерге симметриялы орналасқан. Қаптама өлшемі: ұзындығы – 18 сантиметр, ені – 12 сантиметр. Жеңінің төмен жағы мен бұйымның белдігі ені 8 сантиметр болатын қос қабатты тұтас ілмектеп тоқылған ластик резеңкеден жасалған. Иық тігістері тұсында сопақ пішінді күшейткіш қамтамалар сырып тігілген. Өлшемі: ұзындығы – 29-30 сантиметр, ені – 12-15 сантиметр. Бұйымның алдыңғы бөлігінде сол және оң жаңынан фигуралы клапаны бар жапсырма қалта сырып тігілген. Қалтаның төменгі бөлігінде бұрыштары қиылған. Қалта өлшемі (бұйым өлшеміне қарай): ұзындығы – 14 - 16 сантиметр, ені – 13 - 14 сантиметр. Клапан өлшемі: ені – 13 - 14 сантиметр, ортасынан биіктігі - 6 сантиметр, бүйірлері – 4 сантиметр, ұзындығы – 14 сантиметр, ені – 13 сантиметр. Жапсырма қалталардың үстіңгі жағына көк фонда алтын түсті жиекпен жапсырма және алтын әріптермен жазбалар: оң жағында жұмыскерлердің «Айырым белгілері», сол жағында «Қан тобы» тігілген. Жеңдерінің иық тігістері тұсында погон-муфтаны бекіту үшін погондар ендіре тігілген. Погонның ұзындығы өлшеміне қарай 11,0-14,0 сантиметр. Күшейткіш қамтамалар мен фигуралы клапаны бар жапсырма қалталар қара-көк түсті плащ матадан жасалған. Түймелері свитердің жоғарғы жағына түстес пластмассадан жасалған. Свитерге бекіту үшін погонды түймелеуге арналған түймелердің диаметрі 14 миллиметр. Свитердің бөлшектері осьтік сызықтық бойымен симметриялы орналасуы керек. Таңбалау – бұйымның өлшемі мен ұзындығы көрсетілген жазба белгі жағасы мен арқасының қайып тігілген тігісіне ендіре тігіледі, сондай-ақ бұйымды әзірлеуші, атауы, мемлекетаралық немесе ұлттық стандарт, ұзындығы мен өлшемі, материалдың артикулы және шығарылған күні көрсетілген, сол жақ төсінің тігісіне бекітілген тауарлық жазба белгі болады.»;
2-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үлгілерге 1-қосымшаның 13-суретіне сәйкес қара-көк түсті жүннен жуан ілмекпен тоқылған, ұзын жеңді свитер. Былғары алмастырғыштан жасалған шынтақ қаптамалары бар, қара-көк түсті жүннен жуан ілмекпен тоқылған, ұзын жеңді пуловер-свитер. Арнаулы байланыс қызметі жұмыскерлерін суықтан қорғауға арналған . Жеңдерінде — аралас матадан қаптама. Свитер жартылай жүннен (жүн құрамы кемінде 70%) ілмектеп тоқылған, қара-көк түсті таралған иірімжіптен жасалған. Тік пішінді. Мойнында V – тәрізді ойындысы бар және екі қабатталған ластик көмкермемен өңделген. Көмкерме ені – 4 сантиметр. Шынтақ тұсында күшейткіш қамтамасы бар бір тігісті қондырылып тігілген жең. Қаптама сопақ пішінді, шынтақ бүгілетін жерге симметриялы орналасқан. Қаптама өлшемі: ұзындығы – 18 сантиметр, ені – 12 сантиметр. Жеңінің төмен жағы мен бұйымның белдігі ені 8 сантиметр болатын қос қабатты тұтас ілмектеп тоқылған ластик резеңкеден жасалған. Иық тігістері тұсында сопақ пішінді күшейткіш қамтамалар сырып тігілген. Өлшемі: ұзындығы – 29-30 сантиметр, ені – 12-15 сантиметр. Бұйымның алдыңғы бөлігінде сол және оң жаңынан фигуралы клапаны бар жапсырма қалта сырып тігілген. Қалтаның төменгі бөлігінде бұрыштары қиылған. Қалта өлшемі (бұйым өлшеміне қарай): ұзындығы – 14 - 16 сантиметр, ені – 13 - 14 сантиметр. Клапан өлшемі: ені – 13 - 14 сантиметр, ортасынан биіктігі - 6 сантиметр, бүйірлері – 4 сантиметр, ұзындығы – 14 сантиметр, ені – 13 сантиметр. Жеңдерінің иық тігістері тұсында погон-муфтаны бекіту үшін погондар ендіре тігілген. Погонның ұзындығы өлшеміне қарай 11,0-14,0 сантиметр. Күшейткіш қамтамалар мен фигуралы клапаны бар жапсырма қалталар қара-көк түсті плащ матадан жасалған. Түймелері свитердің жоғарғы жағына түстес пластмассадан жасалған. Свитерге бекіту үшін погонды түймелеуге арналған түймелердің диаметрі 14 миллиметр. Свитердің бөлшектері осьтік сызықтық бойымен симметриялы орналасуы керек. Таңбалау – бұйымның өлшемі мен ұзындығы көрсетілген жазба белгі жағасы мен арқасы қайып тігілген тігіске ендіре тігіледі, сондай-ақ бұйымды әзірлеуші, атауы, мемлекетаралық немесе ұлттық стандарт, ұзындығы мен өлшемі, материалдың артикулы және шығарылған күні көрсетілген, сол жақ төсінің тігісіне бекітілген тауарлық жазба белгі болады.».