О внесении изменения и дополнения в решение маслихата Павлодарской области от 25 августа 2017 года № 142/15 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение маслихата Павлодарской области от 25 августа 2017 года № 142/15 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы «Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» № 142/15 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 351/31
- Қабылданған күні
- 14.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2023 132818_672821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19P0006441
- ЭКБ идентификаторы
- 132818
- Редакция идентификаторы
- 132818_672821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:31
0 Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы
«Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу
қағидаларын бекіту туралы» № 142/15 шешіміне
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 296 қаулысына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы «Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қыркүйекте «Звезда Прииртышья» және 2017 жылғы 26 қыркүйекте «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған) № 142/15 шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;»;
келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.».