Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области от 25 августа 2017 года № 142/15 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области»

Ереже · № 66/6 · қабылданған 25.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2017-no-14215/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области от 25 августа 2017 года № 142/15 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области» Қолданыста Ереже ·№ 66/6 ·25.08.2021
25.08.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области от 25 августа 2017 года № 142/15 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области»

Қолданыста Ереже ·№ 66/6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области от 25 августа 2017 года № 142/15 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Павлодарской области»
Атауы (қаз.)
Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 142/15 «Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
66/6
Қабылданған күні
25.08.2021
Көрсетілген редакция
25.08.2021 158158_535671.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21P000666M
ЭКБ идентификаторы
158158
Редакция идентификаторы
158158_535671
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:03

0 Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 142/15 «Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу

қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 25 тамыздағы № 142/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы