О внесении изменения в постановление акимата города Актобе от 25 декабря 2017 года № 6789 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по городу Актобе на 2018 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Актобе от 25 декабря 2017 года № 6789 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по городу Актобе на 2018 год»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6789 «2018 жылға арналған Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3874
- Қабылданған күні
- 29.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 123689_340164.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CA000201
- ЭКБ идентификаторы
- 123689
- Редакция идентификаторы
- 123689_340164
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:51
0 Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6789 «2018 жылға арналған Ақтөбе қаласы
бойынша бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшінжұмыс
орындарына квота белгілеу туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6789 «2018 жылға арналған Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5829 болып тіркелген, 2018 жылғы 16-17 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2018 жылға Ақтөбе қаласы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квота белгіленсін.».