О внесении изменений в постановление акимата Айтекебийского района от 25 мая 2017 года № 97 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Айтекебийскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Айтекебийского района от 25 мая 2017 года № 97 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Айтекебийскому району»
- Атауы (қаз.)
- Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 97 «Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 21.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.01.2021 117502_507701.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CB005817
- ЭКБ идентификаторы
- 117502
- Редакция идентификаторы
- 117502_507701
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:40
0 Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 97 «Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 97 «Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі қаулының 1 тармағында:
екінші абзацтағы «рабочих» сөзі «работников» сөзімен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «рабочих мест» сөздері «работников» сөзімен ауыстырылсын.