О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 25 декабря 2017 года № 991 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере долевого участия в жилищном строительстве»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 25 декабря 2017 года № 991 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере долевого участия в жилищном строительстве»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 991 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1254
- Қабылданған күні
- 06.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2020 126220_444508.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18L0006515
- ЭКБ идентификаторы
- 126220
- Редакция идентификаторы
- 126220_444508
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:43
0 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 991 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 991 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6146 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы «06» қарашадағы №1254 қаулысына
1-қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы «25» желтоқсандағы № 991 қаулысымен
бекітілген
«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: сәулет және қала құрылысы саласында қызметін жүзеге асыратын аудандар, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15398 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Мемлекеттік корпорациямен іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушы өкілінің құзыретін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының өкілі) бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш пен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушының өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсім (іс-қимыл) нәтижесі: Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды ұсыну;
көрсетілетін қызметті алушының өкілімен көрсетілген құжаттармен бiрге Мемлекеттік корпорацияға олардың көшiрмелерiн ұсынылады. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушының өкіліне қайтарылады;
2
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне жолдайды немесе стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда стандарттың
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушының өкіліне беру;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға стандарттың
2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жазбаша келісімін алады;
3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
6
6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) не дәлелді бас тартуды дайындайды (сегіз жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің басшысына рұқсатты не дәлелді бас тартуды қол қоюға ұсыну;
7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа не дәлелді бас тартуға қол қояды (бір сағаттан аспайды). Рәсім (іс-қимыл) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне рұқсатты не дәлелді бас тартуды жолдау;
8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау;
9 9) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының өкіліне береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының өкіліне беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
2 2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
29 «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
30 Қызылорда облысы әкімдігінің
2018 жылғы «6» қарашадағы №1254 қаулысына
2-қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы «25» желтоқсандағы № 991 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: сәулет және қала құрылысы саласында қызметін жүзеге асыратын аудандар, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15398 нөмірімен тіркелген) бекітілген «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру (бұдан әрі - дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Мемлекеттік корпорациямен іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушы өкілінің құзыретін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының өкілі) бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш пен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті алушының өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Рәсім (іс-қимыл) нәтижесі: Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды ұсыну;
2
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкеріне жолдайды немесе стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда стандарттың
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты көрсетілетін қызметті алушының өкіліне беру;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға стандарттың
2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жазбаша келісімін алады;
3 3) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бір жұмыс күні ішінде, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау;
6
6) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қарайды және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзіндіні (бұдан әрі – үзінді) не дәлелді бас тартуды дайындайды (төрт жұмыс күні ішінде). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің басшысына үзіндіні не дәлелді бас тартуды қол қоюға ұсыну;
7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үзіндіге не дәлелді бас тартуға қол қояды (бір сағаттан аспайды). Рәсім (іс-қимыл) нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне үзіндіні не дәлелді бас тартуды жолдау;
8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды (бір сағаттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдау;
9 9) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне береді (жиырма минуттан аспайды). Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының өкіліне беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) Мемлекеттік корпорация қызметкері;
2 2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің қызметкері;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
55 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы
шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру»