Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мендыкаринского района от 25 июня 2018 года № 105 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 115 · қабылданған 11.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2018-no-105/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мендыкаринского района от 25 июня 2018 года № 105 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 115 ·11.11.2022
11.11.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мендыкаринского района от 25 июня 2018 года № 105 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 115 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мендыкаринского района от 25 июня 2018 года № 105 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115
Қабылданған күні
11.11.2022
Көрсетілген редакция
11.11.2022 173865_600574.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22NO030596
ЭКБ идентификаторы
173865
Редакция идентификаторы
173865_600574
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:05

0

Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7971 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Меңдіқара аудандық
мәслихаты

5 Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Меңдіқара ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 115 қаулысына
қосымша
Меңдіқара ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 25 маусымдағы
№ 105 қаулысына
қосымша
Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3 3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5 5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

6 6) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы);

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның музыкалық бөлім меңгерушісі (басшысы);

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

6 6) аккомпаниатор;

7 7) библиограф;

8 8) кітапханашы;

9 9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

10 10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

11 11) музыкалық жетекші;

12 12) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

13 13) хореограф;

14 14) дыбыс режиссері;

15 15) барлық мамандық мұғалімдері;

16 16) режиссер;

17 17) хормейстер.

Қолданыстағы