Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 25 августа 2018 года № 12/200 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетных заявок территориальными избирательными комиссиями в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан на проведение избирательных кампаний»

Қаулы · № 53/522 · қабылданған 12.07.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2018-no-12200/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 25 августа 2018 года № 12/200 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетных заявок территориальными избирательными комиссиями в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан на проведение избирательных кампаний» Қолданыста Қаулы ·№ 53/522 ·12.07.2022
12.07.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 25 августа 2018 года № 12/200 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетных заявок территориальными избирательными комиссиями в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан на проведение избирательных кампаний»

Қолданыста Қаулы ·№ 53/522 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 25 августа 2018 года № 12/200 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетных заявок территориальными избирательными комиссиями в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан на проведение избирательных кампаний»
Атауы (қаз.)
«Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53/522
Қабылданған күні
12.07.2022
Көрсетілген редакция
12.07.2022 169957_585625.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028855
ЭКБ идентификаторы
169957
Редакция идентификаторы
169957_585625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:03

0

«Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Бюджеттік өтінім (қажеттілік есебі) осы Қағидаларға 1,1-1,2,3,4,5,6, 6-1,7,8-қосымшаларға сай нысандар бойынша сайлау науқанын өткізуге арналған қаражаттың қажеттілік есептері негізінде жасалады.»;
10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«10. Қажеттілік есептері осы Қағидаларға 1-1,2,3,4,5,6,6-1 және 7-қосымшаларға сай бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша ұсынылады;
Мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 142 «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу» ерекшелігі бойынша қажеттілік есебі Аумақтық сайлау комиссиясының осы Қағиданың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір және көп рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша шығыстарды қамтиды.» осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«159 «Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша қажеттілік есебі жеке және заңды тұлғалардың көрсеткен жұмыстары мен қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын қамтиды және Аумақтық сайлау комиссиясының жеке және заңды тұлғалардың көрсеткен жұмыстары мен қызметтеріне ақы төлеу қажеттілігі есебіне сай осы Қағидаларға 6, 6-1-қосымшаларына сай нысан бойынша жасалады.
Осы есепте шығыстардың сомасы көрсетiледi, сондай-ақ шығыстардың негізгі түрлерi бойынша таратып жазу келтiрiледі:
қызметкерлердiң еңбекақысы - осы жол бойынша қызметтерді көрсетуге және жұмыстарды орындауға қатысатын жұмыскерлердiң еңбекақысы көрсетiледi (жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталатын жеке табыс салығы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi жарналар сондай-ақ осы жол бойынша көрсетіледі). Еңбекақы төлеу шығыстарын есептеу кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заң нормаларының талаптарын сақтау қажет;
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар;
әлеуметтік салық;
әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыру аударымдары;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданысқа енгізілетін міндетті кәсіби зейнетақы жарналары;
мемлекет ішіндегі iскерлік және қызметтік сапарлар;
өзге қорларды сатып алу;
банк қызметтері;
өзге де қызметтер мен жұмыстар;
үй-жайды жалдау осы Қағиданың 6-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.» осы Қаулының 2-қосымшасына сәйкес.
19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) сайлау комиссиялары кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдерін (қажеттілік есептерін)  ағымдағы қаржылық жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде енгізілген төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының бюджеттік өтінімдері (қажеттілік есептері) негізінде, ағымдағы қаржылық жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде ұсынады.»;
20 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімді (қажеттілік есебін) түсіндірме жазбасымен бірге Ортсайлаукомға электронды құжатайналымы жүйесі арқылы енгізеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Халықаралық құқықтық бөлімі:

1 1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

1 _________________ аумақтық сайлау комиссиясының медициналық тағайындаудың өзге құралдарына арналған шығындардын есебі

«Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 12 шілдедегі
№ 53/522 қаулысына
1 қосымша
Аумақтық Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларына
1-1-қосымша
нысан
_________________ аумақтық сайлау комиссиясының
медициналық тағайындаудың өзге құралдарына арналған шығындардын есебі
________________ сайлау науқаны
142 «Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу » ерекшелiгі
.№
Алушы­лар­дың ата­уы
Алушы­лар­дың бiр күн­де­гi ор­та­ша са­ны (бiрл.)
Жұ­мыс iстеу күн­де­рі (күн­дер)
Бiр күнiне 1 бiр­лiк­ке ме­ди­ци­на­лық та­ғай­ын­да­удың өзге құ­рал­да­ры­на нор­ма­сы (тең­ге)
Шы­ғы­стар­дың со­ма­сы (мың тең­ге) (3-б.х4-б.х5-б.)/1000
1
2
3
4
5
6
Жиы­ны
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы _________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))
Аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы _________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))
Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері
(қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

2 _________________ аумақтық сайлау комиссиясының үй-жайы үшін жалдау ақысын төлеуге арналған шығындардын есебі

«Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы __ ____
№ ____ қаулысына
2- қосымша
Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларына
6-1-қосымша
_________________ аумақтық сайлау комиссиясының
үй-жайы үшін жалдау ақысын төлеуге арналған шығындардын есебі
_______________________ сайлау науқаны
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі
Ғи­ма­рат ата­уы
Жал­ға алу ала­ңы
1 ай­ға шар­шы метр үшін жал­ға алу тө­ле­мі
Жал­ға алу тө­ле­мі ай­ы­на (2бағ. * 3бағ.) тең­ге
Ай­лар са­ны
Шы­ғы­стар­дың со­ма­сы (4 бағ.*5 бағ./1000) мың тең­ге
1
2
3
4
5
6
Жиы­ны
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы _________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))
Аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы _________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))
Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері
(қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

Қолданыстағы