О внесении изменения в постановление акимата Катон-Карагайского района от 25 апреля 2018 года № 176 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год по Катон-Карагайскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Катон-Карагайского района от 25 апреля 2018 года № 176 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год по Катон-Карагайскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Катонқарағай ауданының 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы» Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 442
- Қабылданған күні
- 23.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2018 126172_372804.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VM000153
- ЭКБ идентификаторы
- 126172
- Редакция идентификаторы
- 126172_372804
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:28
0 «Катонқарағай ауданының 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы» Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына, 35 - бабының 1 - тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Катонқарағай ауданының 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-138 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 176 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
23 қарашадағы № 442
қаулысына қосымша
Катонқарағай ауданының
әкімдігінің 2018 жылғы
25 сәуірдегі № 176
қаулысына 2 қосымша
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№
Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Күніне бір баланың шығыны (теңге) 3 жасқа дейінгі
Күніне бір баланың шығыны (теңге) 3 жастан 7 жасқа дейінгі
1
Балабақшалар, бөбекжайлар
толық күн болатын
304, 39
378, 98
толық емес күн болатын
-
-
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
толық күн болатын
304, 39
378, 98
толық емес күн болатын
257, 99
345, 48
Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күндеріне есептелген.