Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Баянаульского района от 25 июня 2018 года № 180/30 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов и поселка Майкаин Баянаульского района»

Өзге акт · № 84/11 · қабылданған 24.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2018-no-18030/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Баянаульского района от 25 июня 2018 года № 180/30 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов и поселка Майкаин Баянаульского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 84/11 ·24.12.2021
24.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Баянаульского района от 25 июня 2018 года № 180/30 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов и поселка Майкаин Баянаульского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 84/11 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Баянаульского района от 25 июня 2018 года № 180/30 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов и поселка Майкаин Баянаульского района»
Атауы (қаз.)
Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы «Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» № 180/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
84/11
Қабылданған күні
24.12.2021
Көрсетілген редакция
24.12.2021 162996_554901.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21PE08411M
ЭКБ идентификаторы
162996
Редакция идентификаторы
162996_554901
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:45

0 Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы

«Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы»
№ 180/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы «Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» № 180/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ауылдық округ, кент әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ, кент әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ, кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ауылдық округ, кент әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихатының қарауына беріледі.»;
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ, кент әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы