Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 25 мая 2018 года № 23/285 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельского округа Батыр»

Өзге акт · № 50/470 · қабылданған 27.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2018-no-23285-ekb-139395/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 25 мая 2018 года № 23/285 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельского округа Батыр» Қолданыста Өзге акт ·№ 50/470 ·27.01.2020
27.01.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 25 мая 2018 года № 23/285 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельского округа Батыр»

Қолданыста Өзге акт ·№ 50/470 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Мунайлинского районного маслихата от 25 мая 2018 года № 23/285 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельского округа Батыр»
Атауы (қаз.)
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 23/285 «Батыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
50/470
Қабылданған күні
27.01.2020
Көрсетілген редакция
27.01.2020 139395_442752.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20MG004128
ЭКБ идентификаторы
139395
Редакция идентификаторы
139395_442752
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:13

0 Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 23/285 «Батыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1

1. «Батыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы №23/285 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3659 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:».

2 2. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г.Конысбаева)

4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы