О внесении изменения в решение Риддерского городского маслихата от 25 октября 2018 года № 25/8-VI «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддера»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Риддерского городского маслихата от 25 октября 2018 года № 25/8-VI «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Риддера»
- Атауы (қаз.)
- Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI «Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38/10-VI
- Қабылданған күні
- 27.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2020 138284_490126.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VD006490
- ЭКБ идентификаторы
- 138284
- Редакция идентификаторы
- 138284_490126
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:57
0 Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI «Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI «Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-181 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 04 желтоқсанда электронды түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 2-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай - көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (әрі қарай Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге еркін түрде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бектітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік
сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек
тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттарды береді;».