Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 46/3-VI · қабылданған 06.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2018-no-297-vi-ekb-135978/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 46/3-VI ·06.11.2019
29.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 46/3-VI · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 25 октября 2018 года № 29/7-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VІ «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46/3-VI
Қабылданған күні
06.11.2019
Көрсетілген редакция
29.03.2024 135978_699429.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VS006274
ЭКБ идентификаторы
135978
Редакция идентификаторы
135978_699429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:57

0 Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы

№ 29/7-VІ «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/7-VІ «Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау қағидаларын бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-193 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 16 қарашада жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындаудың қағидаларында:
1 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электронды үкімет» веб-порталына (бұдан әрі - портал) тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
29-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығындар - 1 шаршы метрге 19,9 теңге.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы