О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Калжырского сельского округа от 25 июля 2018 года № 4 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Калжыр Калжырского сельского округа Курчумского района по отношению к табунам организуемыми жителями села Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Калжырского сельского округа от 25 июля 2018 года № 4 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Калжыр Калжырского сельского округа Курчумского района по отношению к табунам организуемыми жителями села Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан ұйымдастырған табындарға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 шілдедегі №4 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 16.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2020 140348_448880.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VNH06775
- ЭКБ идентификаторы
- 140348
- Редакция идентификаторы
- 140348_448880
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:38
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Күршім
ауданы Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр
ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары
Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек,
Қахарман Тоқан ұйымдастырған
табындарға шектеу іс-шараларын белгілеу
туралы» Қалжыр ауылдық округі әкімінің
2018 жылғы 25 шілдедегі №4 шешімнің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылдың 14 қарашадағы № 930 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1
1. Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан ұйымдастырған табындарында ірі қара мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 шілдесіндегі «Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі Қалжыр ауылына, оның ішінде ауыл тұрғындары Ақатай Қайырбек, Бекжанов Нурбек, Қахарман Тоқан ұйымдастырған табындарға шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 30 шілдеде № 5-14-170 болып тіркелінген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 3 тамызда жарияланған) № 4 шешімнің күші жойылды деп танылсын.