О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 25 декабря 2018 года № 6С-34/2 «О бюджете города Державинск Жаркаинского района на 2019-2021 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 25 декабря 2018 года № 6С-34/2 «О бюджете города Державинск Жаркаинского района на 2019-2021 годы»
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-34/2 «2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С-38/2
- Қабылданған күні
- 13.05.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2019 131794_406611.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BL007201
- ЭКБ идентификаторы
- 131794
- Редакция идентификаторы
- 131794_406611
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:59
0 Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С-34/2 «2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жарқайың аудандық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті туралы» 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-34/2 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
1 «1. 2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1 1) кірістер - 68101,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 46606,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 21495,0 мың теңге;
2 2) шығындар - 71747,5 мың теңге;
3 3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
4 4) бюджет тапшылығы (профициті) - -3646,5 мың теңге;
5 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3646,5 мың теңге.»;
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар 20575,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
келесі мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3 тармақтарымен толықтырылсын:
«2-1. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласы бюджетінің шығыстар құрамында бюджеттік атқару есебінің бірыңғай ақпараттық алаңын енгізуге жергілікті бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер 300,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2-2. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласы бюджетінің шығыстар құрамында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 620,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
2-3. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджетінде 2019 жылдың басында 3646,5 мың теңге сомасында бюджеттік қаражаттың қалдықтары белгіленген заңнама тәртібімен пайдаланғандығы ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімдігі
9 2019 жылға арналған Державин қаласының бюджеті
Жарқайың аудандық мәслихатының
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 6С-38/2 шешіміне
1 қосымша
Жарқайың аудандық мәслихатының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С-34/2 шешіміне
1 қосымша
2019 жылға арналған Державин қаласының бюджеті
Санаты
Сыныбы
Кіші сыныбы
Атауы
Сома
мың теңге
I.Кірістер
68101,0
1
Салықтық түсімдер
46606,0
01
Табыс салығы
19805,0
2
Жеке табыс салығы
19805,0
04
Меншiкке салынатын салықтар
26801,0
1
Мүлiкке салынатын салықтар
530,0
3
Жер салығы
5707,0
4
Көлiк құралдарына салынатын салық
20564,0
4
Трансферттер түсімі
21495,0
02
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер
21495,0
3
Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер
21495,0
Функционалдық топ
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бағдарлама
Атауы
Сома мың теңге
II. Шығындар
71747,5
01
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
23230,1
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
23230,1
001
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
22930,1
022
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
300,0
07
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
40517,4
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
40517,4
008
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
15302,1
009
Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету
7575,0
010
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу
4650,0
011
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру
12990,3
12
Көлiк және коммуникация
8000,0
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
8000,0
013
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
8000,0
III. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
0
ІV. Бюджет тапшылығы (профициті)
-3646,5
V. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
3646,5
8
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары
3646,5
01
Бюджет қаражатының қалдықтары
3646,5
1
Бюджет қаражатының бос қалдықтары
3646,5