О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 25 декабря 2018 года №29-2 «О районном бюджете на 2019-2021 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 25 декабря 2018 года №29-2 «О районном бюджете на 2019-2021 годы»
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 29-2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37-2
- Қабылданған күні
- 07.10.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2020 135140_445236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZE005813
- ЭКБ идентификаторы
- 135140
- Редакция идентификаторы
- 135140_445236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:17
0 Жаңақала аудандық мәслихатының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 29-2
«2019-2021 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 29-2 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5490 болып тіркелген, 2019 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 5 134 710 мың теңге:
салықтық түсімдер – 557 958 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 4 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 100 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 571 552 мың теңге;
2) шығындар – 5 168 330 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 80 976 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 79 537 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 160 513 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 47 356 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 47 356 мың теңге:
қарыздар түсімі – 79 537 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 160 513 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 33 620 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.