О внесении изменения в совместный приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1416 и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 700 «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1416 и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 700 «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 28.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2021 168406_577595.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21E0000410
- ЭКБ идентификаторы
- 168406
- Редакция идентификаторы
- 168406_577595
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:21
0
«Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700 «Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын және ұсынылатын мәліметтердің тізбесін алмай салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде өзгерістер енгізу туралы көшірмені Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мен қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
5 5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдары басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
1 Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі № 410
және Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2021 жылғы 23 сәуірдегі № 134
бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416
және Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі
№
Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер атауы
1.
Бюджетпен есеп айырысулар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша (салық төлеу шінің дербес шотынан көшірме үзінді) жағдайы
2.
Салық агенті аударған жеке табыс салығының сомасы және кезеңдер бойынша жұмыскерлер саны (жартыжылдық, жыл)
3.
Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдардың салық кезең ішіндегі жылдық жиынтық кірісі/(түзетулерді ескере отырып) кірістер сомасы
4.
Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген табыстардың сомасы
5.
Кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша жеке тұлғаға салық агенті есептеген жеке табыс салығының сомасы
6.
Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті зейнетақы жарнасының сомасы
7.
Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген әлеуметтік аударымдар сомасы
8.
Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар сомасы