О внесении изменений и дополнений в Совместный приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1416 и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 700 «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Совместный приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1416 и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 700 «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 13.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2023 178823_620900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23E0000167
- ЭКБ идентификаторы
- 178823
- Редакция идентификаторы
- 178823_620900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:24
0 «Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы
26 желтоқсандағы № 700 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №700 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де осындай мәліметтерге қол жеткізе алатын адамдар жария етуге жатпайды.»;
Жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген, салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мәліметтердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:
«
9.
Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстарының сомалары
10.
Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органы туралы мәліметтер
».
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.