О внесении изменений в постановление акимата Жаксынского района от 25 апреля 2019 года № а-1/76 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов, предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жаксынского района от 25 апреля 2019 года № а-1/76 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов, предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями»
- Атауы (қаз.)
- Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-1/76 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-5/262
- Қабылданған күні
- 08.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2021 149507_531003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BM008206
- ЭКБ идентификаторы
- 149507
- Редакция идентификаторы
- 149507_531003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:18
0 Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-1/76 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жақсы ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды беру туралы» 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-1/76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 12 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Жақсы ауылы, Сейітжан Жакупов көшесі, 86, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – «ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалы Жақсы бекетінің темір жол вокзалы ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд»;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 15 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Баяғыз ауылы, Центральная көшесі, 11, «Агрофирма – «Астана Т.А.Н.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсе ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд»;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 18 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Подгорное ауылы, Школьная көшесі, 4б, «Подгорное-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайхана ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд»;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы қазақ тіліндегі 1, 2, 11, 14, 19 жолдарда «бөлімінің», «бөлімі» сөздері алынып тасталсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 6 жолда қазақ тіліндегі «Беловод» сөзі «Беловодское» сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 9 жолда қазақ тіліндегі «Островский» сөзі «Островская» сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 13 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Баяғыз ауылы, Центральная көшесі, 11, «Агрофирма – «Астана Т.А.Н.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі»;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы қазақ тіліндегі 1, 2, 3, 12, 16, 17 жолдарда «бөлімінің» сөзі алынып тасталсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 4 жолда қазақ тіліндегі «Ешім» сөзі «Ишимское» сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 7 жолда қазақ тіліндегі «Беловод» сөзі «Беловодское» сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 10 жолда қазақ тіліндегі «Островский» сөзі «Островская» сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Сейдахметоваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жақсы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы
Р. Тлепова