О внесении изменения в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 25 января 2019 года № 37/4 «О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки на приобретение или строительство жилья в 2019 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Кызылжарского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 25 января 2019 года № 37/4 «О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки на приобретение или строительство жилья в 2019 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Кызылжарского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44/2
- Қабылданған күні
- 12.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2019 134115_417682.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SH005530
- ЭКБ идентификаторы
- 134115
- Редакция идентификаторы
- 134115_417682
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:50
0 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар
аудандық мәслихатының 2019 жылғы
25 қаңтардағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан
облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді
мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарына 2019 жылы
көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу
немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қаулысының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 37/4 шешіміне (2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5210 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.».