О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 25 июня 2019 года № 426 «Об утверждении Методики определения стоимости работ и услуг по производству экспертизы качества работ и материалов при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог, а также управления дорожными активами автомобильных дорог областного, районного значения и улиц населенных пунктов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 25 июня 2019 года № 426 «Об утверждении Методики определения стоимости работ и услуг по производству экспертизы качества работ и материалов при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог, а также управления дорожными активами автомобильных дорог областного, районного значения и улиц населенных пунктов»
- Атауы (қаз.)
- «Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 27.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2023 179339_623083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032176
- ЭКБ идентификаторы
- 179339
- Редакция идентификаторы
- 179339_623083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:08
0
«Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18909 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі (бұдан әрі-Әдістеме) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ол:
1) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама (бұдан әрі – СС) жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
2) «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сапа орталығы) жүзеге асыратын автомобиль жолдарының жол активтерін басқару құнын айқындау тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 24) тармақшасына сәйкес автомобиль жолдары жөніндегі нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес айқындалады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі