О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 25 декабря 2019 года № 45-5-VI «О районном бюджете на 2020-2022 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 25 декабря 2019 года № 45-5-VI «О районном бюджете на 2020-2022 годы»
- Атауы (қаз.)
- «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48-2-VI
- Қабылданған күні
- 20.04.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 142513_459228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VH007029
- ЭКБ идентификаторы
- 142513
- Редакция идентификаторы
- 142513_459228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:52
0 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6500 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 қантарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.».