Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 25 июля 2019 года № 9 «Об утверждении положений Республиканского государственного учреждения «Комитет технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан» и его территориальных подразделений», а также в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 508-НҚ «О некоторых вопроса

Бұйрық · № 413-НҚ · қабылданған 24.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2019-no-9-29-2022-no-508/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 25 июля 2019 года № 9 «Об утверждении положений Республиканского государственного учреждения «Комитет технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан» и его территориальных подразделений», а также в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 508-НҚ «О некоторых вопроса Қолданыста Бұйрық ·№ 413-НҚ ·24.11.2023
24.11.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 25 июля 2019 года № 9 «Об утверждении положений Республиканского государственного учреждения «Комитет технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан» и его территориальных подразделений», а также в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 508-НҚ «О некоторых вопроса

Қолданыста Бұйрық ·№ 413-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 25 июля 2019 года № 9 «Об утверждении положений Республиканского государственного учреждения «Комитет технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан» и его территориальных подразделений», а также в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2022 года № 508-НҚ «О некоторых вопроса
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - С
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
413-НҚ
Қабылданған күні
24.11.2023
Көрсетілген редакция
24.11.2023 189040_669304.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23TI000413
ЭКБ идентификаторы
189040
Редакция идентификаторы
189040_669304
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:25

0

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 508-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.  «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Жанайдар Жирентаев көшесі, 18 үй.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республиқалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағым ауданы, 32-көше, 16 ғимараты.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» республиқалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Көктем шағын ауданы, 10 ғимарат.».

2 2. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 508-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі 99.».

3 3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің басшылары, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы