Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 ноября 2019 года №322/НҚ «Об утверждении требований к унифицированному рабочему месту или терминальной системе государственных органов и местных исполнительных органов»

Бұйрық · № 165/НҚ · қабылданған 13.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2019-no322/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 ноября 2019 года №322/НҚ «Об утверждении требований к унифицированному рабочему месту или терминальной системе государственных органов и местных исполнительных органов» Қолданыста Бұйрық ·№ 165/НҚ ·13.05.2021
13.05.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 ноября 2019 года №322/НҚ «Об утверждении требований к унифицированному рабочему месту или терминальной системе государственных органов и местных исполнительных органов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 165/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 ноября 2019 года №322/НҚ «Об утверждении требований к унифицированному рабочему месту или терминальной системе государственных органов и местных исполнительных органов»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 322/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
165/НҚ
Қабылданған күні
13.05.2021
Көрсетілген редакция
13.05.2021 155977_525091.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022765
ЭКБ идентификаторы
155977
Редакция идентификаторы
155977_525091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:08

0

«Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 322/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы 322/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19656 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар бекітілсін.»;
қөрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 165/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 25 қарашадағы
№ 322/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар

1 1. Жалпы талаптар

Осы Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

2 2. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына қойылатын талаптар.

Үйлестірілген жұмыс орнының аппараттық сипаттамалары:
Ата­уы
Қол­дан­ба­лы бағ­дар­ла­ма­лы қам­ты­лым­мен жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған жұ­мыс стан­ци­я­сы
Гра­фи­ка­лық па­кет­тер­мен, үл­гі­ле­удің бағ­дар­ла­ма­лы қам­ты­лым па­кет­те­рі­мен және өзге­лер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған қу­а­ты жо­ға­ры жұ­мыс стан­ци­я­сы
Но­ут­бук
1. Мо­ни­тор
Экран өл­ше­мі
1920х1080
1920х1080 неме­се одан да көп
1920х1080
Диа­го­наль
21.5 – 23.8 дюйм
23.8 – 27 дюйм
15,6 дюйм
Порт­тар
HDMI және VGA, DVI және/неме­се Display Port
HDMI және VGA, DVI және/неме­се Display Port
HDMI
Энер­ги­я­ны ақыл­ды үнем­деу
Иә
Иә
Ба­та­рея сый­ым­ды­лы­ғы ке­мін­де 40 ватт/сағ
Қа­уіп­сіз жар­қы­лре­жи­мі
Иә
Иә

Оқу ре­жи­мі
Иә
Иә

Әре­кет­ті ди­на­ми­ка­лық син­хрон­дау
Иә
Иә

Сал­ма­ғы

Но­ут­бук­тің сал­ма­ғы 2.0 кг ар­тық емес
2. Про­цес­сор
Про­цес­сор
Ба­за­лық так­ті­лік жи­і­лі­гі:
2.4 ГГц – 3.6 ГГц;
Яд­ро са­ны: 2 – 4;
Кэш жа­ды: 6 Мб – 8 Мб;
Өнім­ді­лі­гі:
Passmark-та ке­мін­де 4000 балл
(https://​www.​pas​smar​k.​com/​pro​duct​s/​per​form​ance​test/​dow​nloa​d.​php);
Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс: 14 нм ар­тық емес
Ба­за­лық так­ті­лік жи­і­лі­гі:
2.8 ГГц – 4.0 ГГц;
Яд­ро са­ны: 6 – 10;
Кэш жа­ды: 8 Мб – 16 Мб;
Өнім­ді­лі­гі:
Passmark-та ке­мін­де 6000 балл
(https://​www.​pas​smar​k.​com/​pro​duct​s/​per​form​ance​test/​dow​nloa​d.​php);
Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс: 14 нм ар­тық емес
Яд­ро са­ны 2-ден кем емес;
Өнім­ді­лі­гі:
Passmark-та ке­мін­де 5000 балл
(cpubenchmark.net/laptop.html);
Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс: 14 нм ар­тық емес
Бей­не­кар­та
Ор­на­ты­л­ған
және/неме­се дис­крет­ті, бей­не­жад кө­ле­мі: 2 Гб-тан көп емес
Дис­крет­ті
Бей­не­жад кө­ле­мі:
4 Гб – 8 Гб кем де­ген­де GDDR5 (кем де­ген­де 640 шей­дер­лік блок / про­цес­сор);
Өнім­ді­лі­гі:
Passmark-та ке­мін­де 6000 балл
(https://​www.​pas​smar​k.​com/​pro​duct​s/​per​form​ance​test/​dow​nloa​d.​php)
Ор­на­ты­л­ған және/неме­се дис­крет­ті
Опе­ра­ци­я­лық жүйе
Мем­ле­кет­тік тіл­де гра­фи­ка­лық ин­тер­фей­сі бар
Мем­ле­кет­тік тіл­де гра­фи­ка­лық ин­тер­фей­сі бар
Мем­ле­кет­тік тіл­де гра­фи­ка­лық ин­тер­фей­сі бар
Же­дел жад
DDR4 ке­мін­де 8 Гб
DDR4 ке­мін­де 8 Гб
LPDDR4 неме­се DDR4 ке­мін­де 8 Гбайт
Де­ректер­ді сақ­тау құ­ры­л­ғы­сы
120 – 512 Гб SSD неме­се 120 Гб SSD және 1 Тб HDD
120 – 512 Гб SSD неме­се 120 Гб SSD және 1 – 4 Тб HDD
250 Гбайт SSD
Порт­тар және сым­сыз де­ректер­ді бе­ру жүй­е­сі
Ке­мін­де 5 пор­ты бар:
4 USB (оның ішін­де 2 кор­пу­стың ал­дын­да, ке­мін­де 3.0);
1 аудио / мик­ро­фон неме­се бас­қа ор­на­ла­суы бар порт­тар үшін ағым­да­ғы өл­шем­дер­ден жо­ға­ры;
Ethernet-жыл­дамды­ғы – 1 Гбит/сек кем емес

Ке­мін­де 3 пор­ты бар:
2 USB (3.0-ден кем емес және бір Type-C фор­ма­ты­нан кем емес);
1 аудио / мик­ро­фон неме­се бас­қа ор­на­ла­суы бар порт­тар үшін ағым­да­ғы өл­шем­дер­ден жо­ға­ры;
Ethernet-жыл­дамды­ғы – 1 Гбит/сек кем емес;
Bluetooth 4.2 және Wi-fi AC пер­не­сі мен BIOS ар­қы­лы өші­ру мүм­кін­ді­гі бар
3. Пер­не­тақ­та
Пер­не­тақ­та
Сым­ды; тіл­дер: қа­зақ­ша (ки­рил­ли­ца)/орыс­ша/ағы­л­шын­ша әріп­тер­ді за­уыт­тық ор­на­ту­мен
Сым­ды; тіл­дер: қа­зақ­ша (ки­рил­ли­ца)/орыс­ша/ағы­л­шын­ша әріп­тер­ді за­уыт­тық ор­на­ту­мен
Тіл­дер: қа­зақ­ша (ки­рил­ли­ца)/орыс­ша/ағы­л­шын­ша әріп­тер­ді за­уыт­тық ор­на­ту­мен;
Цифр­лық пер­не­лер бло­гы (Numpad)
4. Тін­ту­ір
Тін­ту­ір
Сым­ды, оп­ти­ка­лық, USB
Сым­ды, оп­ти­ка­лық, USB
Сым­ды, оп­ти­ка­лық, USB
5. Web-ка­ме­ра
Web-ка­ме­ра
Тү­сі­ру рұқ­са­ты кем де­ген­де 1280x720 нүк­те­сі және бейне тү­сі­ру үшін ке­мін­де 720PHD ажы­ра­тым­ды­лы­ғы бар

6. Құ­лақ­қап / мик­ро­фон
Құ­лақ­қап / мик­ро­фон
Ор­на­ты­л­ған мик­ро­фо­ны бар құ­лақ­қап­тар
Ор­на­ты­л­ған мик­ро­фо­ны бар құ­лақ­қап­тар
Ор­на­ты­л­ған мик­ро­фо­ны бар құ­лақ­қап­тар

3 3. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың терминалды жүйесіне қойылатын талаптар

Терминалды жүйе – қосымшалармен терминалды ортада немесе жіңішке клиент бағдарламаларымен клиенттік-серверлік архитектурада жұмыс істеуге арналған жіңішке немесе нөлдік клиент.
Терминалды жүйеге арналған аппараттық сипаттамалар:
Ата­уы
Си­патта­ма­ла­ры
Про­цес­сор
Так­ті­лік жи­і­лі­гі:
1.2 ГГц – 2.8 ГГц;
Яд­ро­лар­дың са­ны: 2 – 8
Бей­не­кар­та
Ор­на­ты­л­ған
Опе­ра­ци­я­лық жүйе
Мем­ле­кет­тік тіл­де гра­фи­ка­лық ин­тер­фей­сі бар
Порт­тар және сым­сыз де­ректер­ді бе­ру жүй­е­сі
USB – ке­мін­де 4 порт­ты (2.0, 3.1);
Ethernet-жыл­дамды­ғы:
100 Мбит/сек – 1 Гбит/сек;
HDMI – 1 порт­ты

4 4. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің компоненті – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі сыныптауышының санаттарына сәйкес жиынтығында тұтастай бір, өзара байланысты элементтер құрамында белгілі бір функцияны немесе функциялар жиынтығын орындайтын бағдарламалық немесе техникалық құрал.

1 1) Планшеттерге арналған аппараттық сипаттамалар:

Ата­уы
Си­патта­ма­ла­ры
Экран өл­ше­мі
1920х1200 неме­се одан да көп
Диа­го­наль
10 дюйм­нан кем емес
Энер­ги­я­ны ақыл­ды үнем­деу
Ба­та­рея сый­ым­ды­лы­ғы:
6000 мАч кем емес
Қа­уіп­сіз жар­қыл ре­жи­мі
Иә
Оқу ре­жи­мі
Иә
Әре­кет­ті ди­на­ми­ка­лық син­хрон­дау
Иә
Про­цес­сор
Ба­за­лық так­ті­лік жи­і­лі­гі:
1.8 ГГц – 2,8 ГГц;
Яд­ро са­ны: 8-ден кем емес;
Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс 11 нм ар­тық емес
Бей­не­кар­та
Ор­на­ты­л­ған, бейне жа­ды кө­ле­мі-ке­мін­де 2 Гб
Опе­ра­ци­я­лық жүйе
Мем­ле­кет­тік тіл­де гра­фи­ка­лық ин­тер­фей­сі бар
Же­дел жа­ды
4 Гб-тан кем емес
Де­ректер­ді сақ­тау құ­ры­л­ғы­сы
64 Гб-тан кем емес
Порт­тар және сым­сыз де­ректер жүй­е­ле­рі
USB Type-C
Micro-SD, 3G,4G (LTE) ұя­лы бай­ла­ныс мо­ду­лі
Wi-Fi 802.11 a/b/g/n/ac, 2.4 + 5Г­Гц;
Bluetooth v5;
За­ряд­тау/құ­лақ­қап пор­ты (құ­лақ­қап үшін мүм­кін
бө­лек қо­сқыш (3.5 мм))
Пер­не­тақ­та
Пер­не­тақ­та-қаб (қа­жет болған жағ­дай­да)
Web-ка­ме­ра
Ал­дын­ғы ка­ме­ра – 5 Мп, арт­қы ка­ме­ра – 8 Мп
Құ­лақ­қап/мик­ро­фон
Ор­на­ты­л­ған ди­на­мик­тер,
мик­ро­фон
Сти­лус
Иә

2 2) Моноблоктарға арналған аппараттық сипаттамалар:

Ата­уы
Кең­се қо­сым­ша­ла­ры­мен жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған ор­та­ша қу­ат­ты мо­но­блок
Гра­фи­ка­лық па­кет­тер­мен, үл­гі­ле­удің бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету па­кет­те­рі­мен және бас­қа­ла­ры­мен жұ­мыс іс­те­у­ге ар­нал­ған қу­а­ты жо­ға­ры мо­но­блок
Экран өл­ше­мі
1920х1080
1920х1080 неме­се одан да көп
Диа­го­наль
21.5 – 23.8 дюйм
23.8 – 27 дюйм
Порт­тар
HDMI
HDMI және VGA, DVI және/неме­се Display Port
Энер­ги­я­ны ақыл­ды үнем­деу
Иә
Иә
Қа­уіп­сіз жар­қыл ре­жи­мі
Иә
Иә
Оқу ре­жи­мі
Иә
Иә
Әре­кет­ті ди­на­ми­ка­лық син­хрон­дау
Иә
Иә
Про­цес­сор
Ба­за­лық так­ті­лік жи­і­лі­гі:
2.4 ГГц – 3.6 ГГц;
Яд­ро са­ны: 2 – 4; Кэш жа­ды: 6 Мб – 8 Мб
Өнім­ді­лі­гі:
Passmark-та ке­мін­де 4000 балл;
Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс 14 нм ар­тық емес
Ба­за­лық так­ті­лік жи­і­лі­гі:
2.8 ГГц – 4.0 ГГц;
Яд­ро са­ны: 6– 10; Кэш жа­ды: 8 Мб – 16 Мб
Өнім­ді­лі­гі:
Passmark-та ке­мін­де 6000 балл;
Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс 14 нм ар­тық емес
Бей­не­кар­та
Ор­на­ты­л­ған және/неме­се дис­крет­ті бейне жа­ды кө­ле­мі-ке­мін­де 2 Гб
Дис­крет­ті, Бейне жа­ды кө­ле­мі:
4 Гб – 8 Гб
GDDR5 кем емес (640 шей­дер­лік бл­ок­тар­дан/про­цес­сор­лар­дан кем емес);
Өнім­ді­лі­гі:
passmark-та ке­мін­де 6000 балл
Опе­ра­ци­я­лық жүйе
Мем­ле­кет­тік тіл­де гра­фи­ка­лық ин­тер­фей­сі бар
Мем­ле­кет­тік тіл­де гра­фи­ка­лық ин­тер­фей­сі бар
Же­дел жа­ды
DDR4
8 Гб кем емес
DDR4
8 Гб кем емес
Де­ректер­ді сақ­тау құ­ры­л­ғы­сы
120 – 512 Гб SSD неме­се 120 Гб SSD неме­се 1 Тб HDD
120 – 512 Гб SSD неме­се 120 Гб SSD және 1 – 4 Тб HDD
Порт­тар және сым­сыз де­ректер жүй­е­ле­рі
Ке­мін­де 4 порт­тың бо­луы:
3 USB (3.0 кем емес);
1 аудио / мик­ро­фон неме­се бас­қа ор­на­ла­суы бар порт­тар үшін ағым­да­ғы па­ра­метр­лер­ден жо­ға­ры;
Ethernet - жыл­дам­дық – 1 Гбит/сек кем емес
Ке­мін­де 4 порт­тың бо­луы:
3 USB (3.0 кем емес);
1 аудио / мик­ро­фон неме­се бас­қа ор­на­ла­суы бар порт­тар үшін ағым­да­ғы па­ра­метр­лер­ден жо­ға­ры;
Ethernet -жыл­дам­дық – 1 Гбит/сек кем емес
Пер­не­тақ­та
Сым­ды; тіл­дер: қа­зақ­ша (ки­рил­ли­ца)/орыс­ша/ағы­л­шын­ша әріп­тер­ді за­уыт­тық ор­на­ту­мен
Сым­ды; тіл­дер: қа­зақ­ша (ки­рил­ли­ца)/орыс­ша/ағы­л­шын­ша әріп­тер­ді за­уыт­тық ор­на­ту­мен
Тін­ту­ір
Сым­ды, оп­ти­ка­лық, USB
Сым­ды, оп­ти­ка­лық, USB
Web-ка­ме­ра
Тү­сі­ру рұқ­са­ты кем де­ген­де 1280x720 нүк­те­сі және бейне тү­сі­ру үшін ке­мін­де 720 HD ажы­ра­тым­ды­лы­ғы бар
Тү­сі­ру рұқ­са­ты кем де­ген­де 1280x720 нүк­те­сі және бейне тү­сі­ру үшін ке­мін­де 720 HD ажы­ра­тым­ды­лы­ғы бар
Құ­лақ­қап / мик­ро­фон
Ор­на­ты­л­ған мик­ро­фо­ны бар құ­лақ­қап­тар
Ор­на­ты­л­ған мик­ро­фо­ны бар құ­лақ­қап­тар
Ескертулер:
Гб – гигабайт;
Гбит /сек – секундына гигабиттер;
ГГц – гигагерц;
Кг – килограмм;
мАч – миллиампер сағатына;
Мб – мегабайт;
Мбит/сек – секундына мегабиттер;
Мм – миллиметр;
Мп – мегапиксель;
Нм – нанометр;
Тб – терабайт;
BIOS – Basic Input/Output System;
DDR4 – double-data-rate four synchronous dynamic random access memory;
DVI – Digital Visual Interface;
GDDR5 – Graphics Double Data Rate;
HD – High Definition;
HDD – hard (magnetic) disk drive;
HDMI – High Definition Multimedia Interface;
LPDDR4 – Low Power Double Data Rate;
SD – Secure Digital Memory Card;
SSD – Solid-State Drive;
USB – Universal Serial Bus;
VGA – Video Graphics Array;
WI-FI – Wireless Fidelity;
3G – third generation;
4G (LTE) – fourth generation.

Қолданыстағы