О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Шугылбайского сельского округа от 25 июня 2020 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шугылбай Шугылбайского сельского округа Кокпектинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Шугылбайского сельского округа от 25 июня 2020 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шугылбай Шугылбайского сельского округа Кокпектинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 25.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2021 153098_511059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VOC08416
- ЭКБ идентификаторы
- 153098
- Редакция идентификаторы
- 153098_511059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:25
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 01-11/5 ұсынысы негізінде Шұғылбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауырының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2
2. Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 1 «Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7236 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 1 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.