Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения»

Бұйрық · № 285 · қабылданған 20.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2020-no-109-ekb-144960/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения» Қолданыста Бұйрық ·№ 285 ·20.07.2020
20.07.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 285 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения»
Атауы (қаз.)
«Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістержәне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
285
Қабылданған күні
20.07.2020
Көрсетілген редакция
20.07.2020 144960_472140.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020998
ЭКБ идентификаторы
144960
Редакция идентификаторы
144960_472140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:28

0 «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы

№ 109 бұйрығына өзгерістержәне толықтырулар енгізу туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістеренгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық:
атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға тек бір негіз бойынша ғана азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беру немесе ақшалай қаражат аудару төтенше жағдай жарияланған айдан бастап және төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталған айды қоса алғанда, осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) ай сайын жүзеге асырылады.
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және 2020 жылғы шілдедегі жағдай бойынша тиісті мәртебесі бар адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын беру немесе ақша қаражатын аудару осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) 2020 жылғы шілде үшін бір рет жүзеге асырылады.
Азық-түлік-тұрмыстық және тұрмыстық жиынтықты беру немесе ақша қаражатын аудару 2020 жылғы 30 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;

4

4) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Ж. Шапкеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы