О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения и ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2020 года № 109 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере и обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения и ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 06.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2022 162980_556503.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026405
- ЭКБ идентификаторы
- 162980
- Редакция идентификаторы
- 162980_556503
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:48
0
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қағидалары»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) алушы болып табылған жағдайда қауіпсіздікті сақтау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш көрсетілетін қызметті алушының жүгінуінсіз 2022 жылғы 1-тоқсанға – 2021 жылғы 4-тоқсандағы табыстарды ескере отырып, ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде МӘС бөлімдерімен ұзартылады.»;
3-тарау алып тасталсын.