Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-203/2020 «О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-51 · қабылданған 10.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2020-no-2032020-ekb-168880/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-203/2020 «О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-51 ·10.06.2022
10.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-203/2020 «О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-51 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-203/2020 «О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья»
Атауы (қаз.)
«Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-51
Қабылданған күні
10.06.2022
Көрсетілген редакция
10.06.2022 168880_580132.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028474
ЭКБ идентификаторы
168880
Редакция идентификаторы
168880_580132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:29

0 «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
4-тармақ мына редакцияда жазылсын:
«4. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын
«12. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқауды тоқтату және есептен шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) кемінде 12 ай ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау үшін есепке алу өлшемшарттарының болмауы;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыға отырып, тұрақты тұратын жерінің өзгеруі.
Пациенттің Қазақстан Республикасының шегінде тұрақты тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, ЭАЖ-дегі деректерді өзгерте отырып, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін тиісті аумақтық ұйымға бекітуді өзгерту жүзеге асырылады;
3) 12 айдың ішінде орналасқан жері туралы нақты мәліметтердің болмауы (учаскелік полиция инспекторының рапортымен және учаскелік мейіргердің патронажымен екі айда кемінде 1 рет расталады);
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес бекітілген № 045/е нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәліктің негізінде және (немесе) бекітілген халық тіркеліміндегі деректермен расталған өлім;
5) динамикалық психиатриялық байқаудың екінші тобында есепте тұрған F20 «Шизофрения» диагнозы бар адамдар: динамикалық байқауға алынған сәттен бастап 12 ай ішінде мүгедектік тобы анықталмаған жағдайда;
6) 1 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға байланысты сотталған адамдарға динамикалық есептен алып тастау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сұрау салуға жауап алғаннан кейін жүргізіледі.»;
Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы 10 маусымдағы
№ ҚР ДСМ-51
бұйрығына қосымша
Психикалық, мінез-құлық
бұзылулары (аурулары) бар
адамдарды динамикалық бақылау,
сондай-ақ динамикалық бақылауды
тоқтату қағидаларына қосымша
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі

Ди­на­ми­ка­лық ба­қы­лау то­бы
ПМБ бар адам­дар­ды ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­у­ға алу өл­шем­шар­тта­ры
Ба­қы­лау мер­зім­ді­лі­гі
ПМБ бар адам­ды бас­қа топ­қа ауы­сты­ру өл­шем­шар­тта­ры
ПМБ бар адам­ды ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­уды тоқ­та­ту өл­шем­шар­тта­ры
1
2
3
4
5
6
1
Ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық ба­қы­ла­удың 1-то­бы
Өзі­нің пси­хи­ка­лық жай-күйі бой­ын­ша әле­умет­тік қа­уіп­ті іс-әре­кет­тер­ге бей­ім, оның ішін­де кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға қа­ты­сты жы­ны­стық си­патта­ғы зор­лық-зомбы­лық әре­кет­те­рін жа­сау тәу­е­ке­лі бар, сон­дай-ақ есі кі­ре­сі­лі-шы­ға­сы­лы күй­де аса қа­уіп­ті іс-әре­кет­тер жа­са­ған және сот олар­ға ам­бу­ла­то­ри­я­лық мәж­бүр­леп ем­деу тү­рін­де­гі ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­рын ай­қын­да­ған адам­дар.
ай­ы­на ке­мін­де бір рет
осы жол­дың 3-ба­ға­нын­да көр­се­ті­л­ген есеп­ке алу өл­шем­шар­тта­ры­ның бол­мауы, ке­мін­де 12 ай
ЭАЖ-да «са­уы­ғу, тұ­рақ­ты жақ­са­ру» көр­се­ті­ле оты­рып, 3-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өл­шем­шар­ттар­дың бол­мауы, ке­мін­де 12 ай;
қыз­мет көр­се­ті­ле­тін аумақ­тан тыс жер­ге шы­ға оты­рып, тұр­ғы­лық­ты же­рін өзгер­ту; учас­ке­лік по­ли­ция ин­спек­то­ры­ның ба­я­на­ты­мен және учас­ке­лік мей­ір­гер­дің екі ай­да ке­мін­де 1 рет па­т­ро­на­жы­мен рас­тал­ған, ЭАЖ-да «мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы» көр­се­ті­л­ген 12 ай ішін­де ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы нақ­ты мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы;
«Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­на (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес бе­кі­ті­л­ген № 045/е ны­са­ны бой­ын­ша қай­тыс бо­лу ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық ку­ә­лік­тің негі­зін­де және (неме­се) бе­кі­ті­л­ген ха­лық тір­ке­лі­мін­де­гі де­ректер­мен рас­тал­ған өлім;
1 жыл­дан астам мер­зім­ге бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру­ға бай­ла­ны­сты сот­тал­ған адам­дар­ға ди­на­ми­ка­лық есеп­тен алып та­стау Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ко­ми­те­ті­нен сұ­рау са­лу­ға жа­у­ап ал­ған­нан кей­ін жүр­гі­зі­ле­ді;
сон­дай-ақ, ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық ба­қы­ла­удың 2-то­бын­да есеп­те тұр­ған F20 «Ши­зо­фре­ния» ди­а­гно­зы бар адам­дар үшін: ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­у­ға алын­ған күн­нен ба­стап 12 ай ішін­де мү­ге­дек­тік то­бы анық­тал­ма­ған жағ­дай­да.
2
Ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық ба­қы­ла­удың 2-то­бы
F8 және F9 ди­а­гно­сти­ка­лық ай­дар­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген ПМБ қо­с­па­ған­да, пси­хи­ка­лық ау­руы бой­ын­ша мү­ге­дек­ті­гі бар ПМБ бар адам­дар;
F20 «Ши­зо­фре­ния»» ди­а­гно­зы қой­ы­л­ған адам­дар анық­тал­ған­нан кей­ін бір жыл ішін­де (бұл рет­те мү­ге­дек деп та­ны­л­ған жағ­дай­да ол ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық ба­қы­ла­удың 2-то­бын­да ба­қы­ла­ну­ды жал­ға­сты­ра­ды).
3
2А – те­гін ам­бу­ла­то­ри­я­лық ем­деу шең­бе­рін­де пси­хо­фар­ма­ко­те­ра­пи­я­ға мұқ­таж пси­хо­ти­ка­лық симп­то­ма­ти­ка­ның жиі және ай­қын ас­қы­ну­ла­ры, де­ком­пен­са­ци­я­ла­ры бар адам­дар, оның ішін­де F8 және F9 ди­а­гно­сти­ка­лық ай­дар­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген ПМБ бар адам­дар.
үш ай­да ке­мін­де бір рет
4
2Б – тұ­рақ­тал­ған жай-күй­ле­рі, бір­қа­лып­ты про­гре­ди­ент­ті про­цесс ағы­мы және спон­тан­ды ре­мис­си­я­ла­ры бар адам­дар.
ал­ты ай­да ке­мін­де бір рет
5
Ди­на­ми­ка­лық нар­ко­ло­ги­я­лық ба­қы­лау то­бы
1) сот ше­ші­мі бой­ын­ша мәж­бүр­леп ем­де­у­ге ар­нал­ған бө­лім­ше­лер­ге жі­бе­рі­л­ген адам­дар­да ПБЗ қол­да­ну сал­да­ры­нан пай­да болған ПМБ;
2) сот-нар­ко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның негі­зін­де сот ше­ші­мі бой­ын­ша ем­деу та­ғай­ын­дал­ған адам­да ПБЗ қол­да­ну сал­да­ры­нан пай­да болған ПМБ;
3) ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­л­ған, бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан жі­бе­рі­л­ген адам­дар­да ПБЗ қол­да­ну сал­да­ры­нан пай­да болған ПМБ;
4) ста­ци­о­нар­лық ем­деу жағ­дай­ын­да ПБЗ қол­да­ну сал­да­ры­нан туын­да­ған пси­хо­ти­ка­лық бұ­зы­лу­дан кей­ін­гі ПБЗ қол­да­ну сал­да­ры­нан пай­да болған ПМБ;
5) әле­умет­тік қа­уіп­ті әре­кет­тер­ді жа­са­у­ға бей­ім адам­дар­да ПБЗ қол­да­ну сал­да­ры­нан пай­да болған ПМБ;
6) ди­на­ми­ка­лық ба­қы­ла­у­ға өз ер­кі­мен ке­лі­сім бер­ген адам­дар­да ПБЗ қол­да­ну сал­да­ры­нан пай­да болған ПМБ.
1)-5) тар­мақ­ша­да көр­се­ті­л­ген адам­дар дә­рі­гер­лік-кон­суль­та­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның ше­ші­мі­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға алы­на­ды.
же­ке ба­сы­ның ерекше­лік­те­ріне және ау­ру­дың ағы­мы­на бай­ла­ны­сты жы­лы­на ке­мін­де ал­ты рет
осы жол­дың 3-ба­ға­нын­да көр­се­ті­л­ген есеп­ке алу өл­шем­шар­тта­ры­ның бол­мауы, ке­мін­де 12 ай
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПБЗ – психикаға белсенді әсер ететін заттар
ПМБ – психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар)
ЭАЖ – электрондық ақпараттық жүйелер

Қолданыстағы