О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 25 июня 2020 года № 46/515 «Об определении специализированного места для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в кот
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 25 июня 2020 года № 46/515 «Об определении специализированного места для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированного места для организации и проведения мирных собраний, норма его предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированного места для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в кот
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 «Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10/86
- Қабылданған күні
- 05.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2021 160326_544970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21MB025187
- ЭКБ идентификаторы
- 160326
- Редакция идентификаторы
- 160326_544970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:06
0
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 «Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы № 46/515 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2021 жылғы 5 қарашадағы
№ 10/86
шешіміне 1 қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 46/515 шешіміне
1 қосымша
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:
1 1. Алаң, «Ақбұлақ» шағынауданы, Н. Марабаев саябағының жаны.
2 2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: «Ақбұлақ» шағынауданының Н. Марабаев даңғылынан Т. Алдашев көшесінің қиылысына дейінгі автокөлік жолы.
5 Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
шешіміне 2 қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 46/515 шешіміне
2 қосымша
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
2
2. Арнайы орын санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орында жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4 4. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасы 1000 адам.
5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8 8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9 9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Жаңаөзен қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
15 Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
шешіміне 3 қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 46/515 шешіміне
3 қосымша
Жаңаөзен қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін
іргелес аумақтардың шекаралары
Жаңаөзен қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді: