О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 6С-70/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 6С-70/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району»
- Атауы (қаз.)
- Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8С-2/2
- Қабылданған күні
- 18.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2023 180750_682960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BS854803
- ЭКБ идентификаторы
- 180750
- Редакция идентификаторы
- 180750_682960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:46
0 Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8269 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасымен, 11-бабының 2) тармақшасымен, 12-бабының 2) тармақшасымен, 13-бабының 2) тармақшасымен, 17-бабымен көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.».