О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 67-409 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 декабря 2020 года № 67-409 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Зерендинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-18
- Қабылданған күні
- 20.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.06.2024 180929_708090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BN855003
- ЭКБ идентификаторы
- 180929
- Редакция идентификаторы
- 180929_708090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:44
0 Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67-409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8280 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің косымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.»;
4-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.»;
5-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган 8 пайыз белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.».