О внесение изменений и дополнения в решение Казалинского районного маслихата от 25 декабря 2020 года №554 «О бюджете сельского округа Кумжиек на 2021-2023 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесение изменений и дополнения в решение Казалинского районного маслихата от 25 декабря 2020 года №554 «О бюджете сельского округа Кумжиек на 2021-2023 годы»
- Атауы (қаз.)
- «2021-2023 жылдарға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті туралы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №554 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 12.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2021 153581_513614.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21LD008193
- ЭКБ идентификаторы
- 153581
- Редакция идентификаторы
- 153581_513614
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:15
0 «2021-2023 жылдарға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті туралы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №554 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «2021-2023 жылдарға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №554 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7992 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 06 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 59584 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2490 мың теңге;
трансферттер түсімі – 57094 мың теңге;
2) шығындар – 60350 мың теңге, оның ішінде;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -766,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 766,0 мың теңге.».
Жаңа мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округ бюджетіне төмендегідей ағымдағы нысаналы трансферттердің қаралғандығы ескерілсін:
1) әкім аппараты қызметін қамтамасыз ету шығындарына 200 мың теңге;
2) көлік инфрақұрылымын орташа жөндеуге 3000 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
3 Қазалы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 12 наурыздағы № 35
шешіміне қосымша
Қазалы аудандық мәслихатының
2020 жылғы «25» желтоқсандағы №554
шешіміне 1-қосымша
2021 жылға арналған Құмжиек ауылдық округінің бюджеті
Санаты
Сомасы, мың теңге
Сыныбы
Кіші сыныбы
Атауы
1. Кірістер
59584
1
Салықтық түсімдер
2490
04
Меншiкке салынатын салықтар
2490
1
Мүлiкке салынатын салықтар
16
3
Жер салығы
108
4
Көлiк құралдарына салынатын салық
2366
4
Трансферттердің түсімдері
57094
02
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер
57094
3
Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер
57094
Функционалдық топ
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi
Бағдарлама
Атауы
2. Шығындар
60350
1
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
32459
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
32459
001
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
32459
7
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
6051
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
6051
008
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
2327
009
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
525
011
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
3199
8
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
17914
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
17914
006
Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау
17914
12
Көлiк және коммуникация
3926
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
3926
013
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
3926
3. Таза бюджеттік кредиттеу
0
Бюджеттік кредиттер
0
Бюджеттік кредиттерді өтеу
0
4. Қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо
0
Қаржы активтерін сатып алу
0
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
0
5. Бюджет тапшылығы (профициті)
-766
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
766
8
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары
766
01
Бюджет қаражаты қалдықтары
766
1
Бюджет қаражатының бос қалдықтары
766