Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 25 января 2021 года № 17 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 141 · қабылданған 21.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2021-no-17/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 25 января 2021 года № 17 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 141 ·21.05.2024
21.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 25 января 2021 года № 17 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 141 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 25 января 2021 года № 17 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
141
Қабылданған күні
21.05.2024
Көрсетілген редакция
21.05.2024 197019_701462.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24NJ102131
ЭКБ идентификаторы
197019
Редакция идентификаторы
197019_701462
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:28

0 Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 17 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Жітіқара аудандық мәслихаты

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

қаулыға қосымша
Жітіқара ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 25 қаңтардағы
№ 17 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

2 2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

2 2) кітапханашы;

3 3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

4 4) ұжым (үйірме) басшысы;

5 5) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.

Қолданыстағы