О внесении изменений в решение маслихата района Бәйтерек от 25 января 2021 года № 2-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Бәйтерек»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Бәйтерек от 25 января 2021 года № 2-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Бәйтерек»
- Атауы (қаз.)
- Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 2-3 «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-2
- Қабылданған күні
- 02.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2023 182687_652854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23ZG719007
- ЭКБ идентификаторы
- 182687
- Редакция идентификаторы
- 182687_652854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:36
0 Бәйтерек ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 2-3
«Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 2-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6821 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6 - тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
6 - тармақтың 33) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: