О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 25 февраля 2021 года № 2 «Об утверждении положений территориальных органов и специализированного государственного учреждения Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 25 февраля 2021 года № 2 «Об утверждении положений территориальных органов и специализированного государственного учреждения Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 130-НҚ
- Қабылданған күні
- 08.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2021 156400_527884.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G2100000130
- ЭКБ идентификаторы
- 156400
- Редакция идентификаторы
- 156400_527884
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:56
0 «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің
аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының
2021 жылғы 25 ақпандағы № 2 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереженің 19-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшаларда:
19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін, өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 18-қосымшада:
19-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Кинологиялық орталықтың қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;».
2
2. Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.