О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 25 февраля 2021 года № 32 «Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных на территории Карагандинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 25 февраля 2021 года № 32 «Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных на территории Карагандинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 17.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2022 165650_565305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22K000154M
- ЭКБ идентификаторы
- 165650
- Редакция идентификаторы
- 165650_565305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:04
0 «Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6218 болып тіркелді) Қарағанды облысы мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 32 шешіміне келесі өзерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларында (әрі қарай Қағидалар):
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«18. Осы қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 болып тіркелді) бекітілген жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.»;
Қағидаларға 2-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары
Қарағанды облыстық
мәслихатының
2022жылғы 17 наурыздағы
№154 шешімге қосымша
Қарағанды облысының
аумағында ауыл шаруашылығы
жануарларын жаюдың
қағидаларына 2-қосымша
Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары
Жыныстық-жастық топтары
Қоңдылығы
Ортадан төмен, бас
Орташа, бас
Ортадан жоғары, бас
1
2
3
4
Ірі қара мал
Бұзаулы сиырлар
(емізілулі)
50-70
150-200
150-200
Қашарлар
(2 жасқадейін)
100-150
200-250
200-250
Бұқашықтар
(2 жасқа дейін)
100-150
200-250
200-250
Ұсақ мал
Қозылы қойлар,
Лақты ешкілер
400-500
500-600
500-600
Бір жылғы төл
400-500
600-700
600-800
Жылқылар
Құлынды биелер
50-70
100-150
150-200
1,5-2 жастағы төл
80-100
120-150
150-200
Түйелер
Түйелер
30-60
60-90
90-120