О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 25 февраля 2021 года № 34 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 25 февраля 2021 года № 34 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Республики Казахстан при амбулаторном лечении бесплатно»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 295
- Қабылданған күні
- 26.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2025 211750_763599.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25K000295M
- ЭКБ идентификаторы
- 211750
- Редакция идентификаторы
- 211750_763599
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:41
0
«Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
Қарағанды облыстық мәслихатының
2025 жылғы 26 маусымдағы
№ 295 шешіміне қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының
2021 жылғы 25 ақпандағы
№34 шешіміне
1 қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
1 1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:
1 1) «Канакинумаб» дәрілік заты - «Ювенильді идиопатиялық артрит» диагнозында ;
2 2) «Тоцилизумаб» дәрілік заты - «Ювенильді склеродермия» диагнозында;
3 3) «Адалимумаб» дәрілік заты - «Ревматоидты артрит» диагнозында;
4 4) «Метилпреднизолон» дәрілік заты - «Жүйелік склеродерма» диагнозында;
5 5) «Азатиоприн» дәрілік заты - «Бехчет ауруы» диагнозында;
6 6) «Белимумаб» дәрілік заты - «Жүйелі қызыл жегі» диагнозында;
7 7) дәрілік зат - «Блекфан-Даймонд анемиясы» диагнозында;
8 8) дәрілік зат - «Өкпе артериялық гипертензиясы» диагнозында;
9 9) дәрілік зат- «Эпилепсия» диагнозында;
10 10) дәрілік зат - «Ювенильді идиопатиялық артрит» диагнозы кезінде;
11 11) дәрілік зат - «Бехтерев ауруы» диагнозында;
12 12) «Мацитентан» дәрілік заты - «Өкпе артериялық гипертензиясы» диагнозында;
13 13) «Кладрибин» дәрілік заты - «Шашыраңқы склероз» диагнозында;
14 14) «Секукинумаб», Гуселькумаб дәрілік заттары - «Псориаз» диагнозында;
15 15) «Этеплирсен», «Голодирсен», «Касимерсен» дәрілік заттары – «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» диагнозында;
16 16) «Секукинумаб» дәрілік заты - «Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)» диагнозында;
17 17) «Ритуксимаб» дәрілік заты - «Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары» диагнозында;
18 18) «Омализумаб» дәрілік заты - «Бронхиалды астма» диагнозында;
19 19) «Селуметиниб» дәрілік заты - «Нейрофиброматоз» диагнозында;
20 20) «Велаглюцераза альфа» дәрілік заты - «Болезнь Гоше» диагнозында.
2 2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар келесі диагнозбен тегін:
медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) «Буллезді эпидермолиз» диагнозы бар азаматтарға.