О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 мая 2021 года № ҚР ДСМ-43 «Об утверждении перечня медицинских специальностей программ резидентуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 мая 2021 года № ҚР ДСМ-43 «Об утверждении перечня медицинских специальностей программ резидентуры»
- Атауы (қаз.)
- «Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 409
- Қабылданған күні
- 26.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2025 211790_770688.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25RR000409
- ЭКБ идентификаторы
- 211790
- Редакция идентификаторы
- 211790_770688
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:39
0 «Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22844 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
0 Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-43 бұйрығына
қосымша
Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесі