Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 октября 2021 года № 763 «Об утверждении Правил реализации расширенных обязательств производителей (импортеров)»

Қаулы · № 966 · қабылданған 02.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2021-no-763/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 октября 2021 года № 763 «Об утверждении Правил реализации расширенных обязательств производителей (импортеров)» Қолданыста Қаулы ·№ 966 ·02.11.2023
02.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 октября 2021 года № 763 «Об утверждении Правил реализации расширенных обязательств производителей (импортеров)»

Қолданыста Қаулы ·№ 966 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 октября 2021 года № 763 «Об утверждении Правил реализации расширенных обязательств производителей (импортеров)»
Атауы (қаз.)
«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
966
Қабылданған күні
02.11.2023
Көрсетілген редакция
02.11.2023 187901_663449.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000966
ЭКБ идентификаторы
187901
Редакция идентификаторы
187901_663449
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:02

0 «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында:
4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«импорттаушыларда – осы Қағидалардың 15, 16, 17 және 28-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттарға сәйкес өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген кезден бастап туындайды.»;
5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Меншікті жинау жүйесін қолдану жөніндегі талаптар Кодекстің 386-бабының 3-тармағына сәйкес автомобиль көлігі құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды.»;
19-тармақ алып тасталсын;
44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Өндірушіде немесе импорттаушыда оператордың хабарламасында көрсетілген кәдеге жарату төлемінің сомасынан өзгешеленетін, кәдеге жарату төлемінің сомасын растайтын мәліметтер болған жағдайда өндіруші немесе импорттаушы осындай мәліметтерді осы Қағидалардың 15, 16, 17, 28 және 28-1-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттармен қоса оператордың атына ұсынады. Кәдеге жарату төлемінің сомасын растайтын мәліметтерді алған кезде оператор кәдеге жарату төлемінің сомасын қайта есептеуді жүзеге асырады. Өндіруші немесе импорттаушы ұсынған мәліметтер расталған жағдайда оператор өндірушінің (импорттаушының) атына кәдеге жарату төлемінің түзетілген сомасымен қайтадан хабарлама жібереді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы