О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 25 октября 2021 года № 8/123-VІІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аягозском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 25 октября 2021 года № 8/123-VІІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Аягозском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/123-VІІ «Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/92-VIII
- Қабылданған күні
- 12.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2023 187425_660088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FE013218
- ЭКБ идентификаторы
- 187425
- Редакция идентификаторы
- 187425_660088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:22
0 Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы
№ 8/123-VІІ «Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Аягөз аудандық мәслихатының «Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 25 қазандағы №8/123-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25093 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1.«Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі- Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.».