Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-140 «Об утверждении типовой системы оплаты труда специалистов и вспомогательного персонала государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, осуществляющих обращение (выполняющих вспомогательную функцию при осуществлении обращения) с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности»

Бұйрық · № 148 · қабылданған 12.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2022-no-140-i-ii/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-140 «Об утверждении типовой системы оплаты труда специалистов и вспомогательного персонала государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, осуществляющих обращение (выполняющих вспомогательную функцию при осуществлении обращения) с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности» Қолданыста Бұйрық ·№ 148 ·12.09.2023
12.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-140 «Об утверждении типовой системы оплаты труда специалистов и вспомогательного персонала государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, осуществляющих обращение (выполняющих вспомогательную функцию при осуществлении обращения) с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 148 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-140 «Об утверждении типовой системы оплаты труда специалистов и вспомогательного персонала государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, осуществляющих обращение (выполняющих вспомогательную функцию при осуществлении обращения) с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности»
Атауы (қаз.)
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
148
Қабылданған күні
12.09.2023
Көрсетілген редакция
12.09.2023 186169_654788.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033419
ЭКБ идентификаторы
186169
Редакция идентификаторы
186169_654788
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:51

0

«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30768 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбекке ақы төлеуді мыналарды қолдану негізінде:
1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес патогендігі I және II топтардағы ПБА жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандар мен патогендігі I және II топтардағы ПБА жұмыс істеуді жүзеге асырау кезінде қосалқы функцияны орындайтын көмекші персонал лауазымдарының сыныптамасын;
2) қаулымен белгіленген базалық лауазымдық айлықақыны (бұдан әрі – БЛА);
3) қаулымен бекітілген азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттеріне сәйкес патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарының функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттерді;
4) қаулымен бекітілген жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттерге сәйкес көмекші персоналдың (санитар, дезинфектор, жүргізуші) лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттерді;
5) қаулымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларына сәйкес кәсіптік аурулардың пайда болу тәуекелі жоғары зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларын ескере отырып, мамандар мен көмекші персонал үшін қосымша ақыларды;
6) қаулымен бекітілген азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақыларына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персонал үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақыларды;
7) қаулыда көзделген медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін тиісті түзету коэффициентерін;
8) осы еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кәсіпорынның штат кестесін қамтиды.»;
5-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Қолданыстағы