Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 25 мая 2023 года № 101 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Есильского района Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 233 · қабылданған 24.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2023-no-101-ekb-188996/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 25 мая 2023 года № 101 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Есильского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 233 ·24.11.2023
24.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 25 мая 2023 года № 101 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Есильского района Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 233 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 25 мая 2023 года № 101 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Есильского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
233
Қабылданған күні
24.11.2023
Көрсетілген редакция
24.11.2023 188996_668007.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23SF763315
ЭКБ идентификаторы
188996
Редакция идентификаторы
188996_668007
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:25

0

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 25 мамырдағы № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 101 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7514-15 болып тіркелді) енгізілсін:
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 2-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген 2), 3), 8) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
« 2) кондоминиум объектісі –дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;

8

«8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы