О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 25 января 2023 года № 30 «Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2023 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 25 января 2023 года № 30 «Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2023 год»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 30 «2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 311
- Қабылданған күні
- 31.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 184511_645833.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23N0010044
- ЭКБ идентификаторы
- 184511
- Редакция идентификаторы
- 184511_645833
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:36
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 30 «2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9924 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 18 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
7 2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Қостанай
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 311
қаулысына
қосымша
Қостанай
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 25 қаңтардағы
№ 30 қаулысына
қосымша
2023 жылға арналған
субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет
қаражатының көлемі
№
Субсидияланатын тұқымдардың санаты
Бюджет қаражатының көлемі,
мың теңге
1
Бірегей тұқымдар
160 000,0
2
Элиталық тұқымдар
420 000,0
3
Бірінші репродукция тұқымдары
530 000,0
4
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
620 000,0
Жиыны
1 730 000,0