О внесении изменений в решение акима Созакского района от 25 декабря 2023 года № 51 «Об образовании избирательных участков на территории Созакского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Созакского района от 25 декабря 2023 года № 51 «Об образовании избирательных участков на территории Созакского района»
- Атауы (қаз.)
- Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 27.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2024 205000_737790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24UL664313
- ЭКБ идентификаторы
- 205000
- Редакция идентификаторы
- 205000_737790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:45
0 Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Созақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 51 «Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6436-13 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
№ 690, №691, № 693 және № 694 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 690 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жеткеншек ауылы, М.Өтемісұлы, Ш.Айманов, Кенесары хан, Әл-фараби, А.Жынысбаев, Н.Төреқұлов көшелері.»;
«№ 691 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-2 көшесі №72, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Шолаққорған ауылы Ү.Тастанов, С.Сиязбеков, Жібек жолы-2, М.Әуезов, С.Әбуов, М.Төлебаев, Т.Сүннетов, Т.Тоқбергенов, Б.Момышұлы, С.Мұханов, Ә.Оспанов, Б.Тастыбаев, Өркениет, Бірлік, Ақниет, Достық, Ынтымақ, №10, №12, №14, №23 көшелері және Ұзынбұлақ, Қарасуан, Қызыләскер, Жаманай, Шабыр, Қоянбұлақ, Төбеқұдық мал жайылымдары.»;
«№ 693 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Абылай хан көшесі №3, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Шолаққорған ауылы Абылай хан, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Жайшыбеков, М.Мәметова, Төле би, Қ.Сәтбаев, Теріскей, Б.Ахметов, Ш.Оқшиев, Желтоқсан, №21, Ордабасы, Әйтеке би, Ж.Меймандосов көшелері, Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелері Созақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне дейінгі бөлігі, Д.Қонаев көшесі (Жібек жолы көшесінен кейінгі бөлігі).»;
«№ 694 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Шолаққорған ауылы Абай, Т.Аймұрзаев, Ы.Алтынсарин, Т.Әубәкіров, Жібек жолы-1, Қ.Рүстемов, С.Қожанов (Ш.Қалдаяқов көшесіне дейінгі бөлігі), Д.Қонаев (Жібек жолы көшесіне дейінгі бөлігі) Т.Насыров, А.Асқанбеков, Бастау көшелері.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Созақ аудандық
сайлау комиссиясы